ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
Пейiш. Жұмақ ананың табанының астында
Дамуы 8 жастағы баланың деңгейінде қалған ерекше тұлға 35 жастағы Әділдің таңғажайып оқиғасы. Әділ шағын ауылда қарт анасы Райхан апамен тұрады. Райхан апа Әділге Алла Тағаланың өзін ерекше жақсы көретінін, сондықтан оның тікелей жәннатқа баратынын үнемі айтып отырады. Бірақ Әділ анасынсыз жұмаққа барғысы келмейді. Бір күні анасын жол бойы жаяу жүріп қасиетті Мекке қаласына апарса, анасы жұмаққа бара алатынын біледі. Әділ мақсатына жете ала ма? Анасы екеуі жолындағы барлық қиындықтарды жеңе ала ма?