ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
Тастаймын ау сені
Жарас пен Алмагүлдің отау құрғандарына он жылдан асты. Жара үлкен компанияда жақсы қызметте жұмыс істейді. Алмагүл жұмыс істемейді, бірақ тұлға ретінде дамығысы келеді. Жарас Алмагүлдің шын тілегін сұрамай-ақ, оның шығынын да, қалағанының бәрін ақшамен жауып отырды. Осы себепті Алмагүл ішімдікке салынған. Бірде мас болып қалған Алмагүл бастығының көзінше Жарасты масқара қылды. Бұған шыдай алмаған Жарас келесі күні әйелін мықты дәрігерлердің біріне емдеуге жіберуді ұйғарады. Алмагүлден бөлек дәрігер: отбасымен тіл табыса алмайтын Коля, әке-шешесі айтқандай әскери іспен айналыса алмаған Сабырхан және зиянсыз Қанатты емдеп жатыр. Емдеудің басында олар бір-бірін ұнатпайды, бірақ кейін олар жақындай бастайды. Алғашқы күні олар жасырған алкогольді ішеді және дәрігердің еміне мүлдем сенбейді. Олар осында іше бастағаннан кейін олардың көз алдында қорқынышты көріністер басталады. Осыншама әбігердің арасында олар дәрігердің Қанатты өлтіріп жатқанын көреді. Осы оқиғадан кейін емделіп жатқан үш адам қашуға бел буады.
- Тілі:
- қазақ (субтитрлер: орыс)
- 16+ 80
- Режиссер:
- Анвар Матжанов
- Рөлдерде:
- Дариға Бадықова, Олжас Абай, Әлихан Ыдрышева, Қуандық Шәкіржанов, Баян Әлімақынұлы, Бақытжан Әлпейісов, Қылышбек Қасымбеков, Кемеңгер Орал, Назар Шархан, Мөлдір Анарбаева, Салтанат Құдайберген, Аяна Бауыржанова, Рәшімбай Серікнұр, Азамат Әбдинов, Жомарт Өтегенов
комедия
Қазақстан, 2024 ж.