ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
Айқай-шу
Екі дос басқа түскен жағдайға байланысты қашып, жасырынбақшы болып жүргенде, ақшасыз әрі қуаты таусылған телефонмен Ақсу елдімекеніне келіп тоқтайды. Кейіпкерлер сол жердегі кафеден тамақтанбақшы болады, бірақ қалай төлем жасауды білмейді. Оқиға барысында мейрамхана әкімшісі қонақтардың бірін жергілікті «дөкейдің» бауыры деп ойлап қалып, екі дос кенеттен «VIP-мейманға» айналып шыға келеді. Олардың әр сөзін басқаша түсініп, бар «еркеліктерін» көтеруге тырысады. Сол сәттен бастап, түрлі күлкілі әрі ыңғайсыз жағдайлар орын алады. Мұның бәрі басты кейіпкерлерді қуғыншылар тауып алғанша жалғаса береді. Бірақ кафеге өзінің «бауыры» туралы бәрін білетін, сол «дөкейдің» өзі келгенде, сюжет басқа арнаға бұрылады.