ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
Мафия
Кішкентай ауылда жұмбақ өлім сериясы орын алады. Достары бірінен соң бірі өмірден өтіп, жергілікті тұрғындар мұны суицид деп санайды. Алайда учаскелік полиция қызметкері Рахым оғаш кездейсоқтықтарды байқап, өзіндік тергеуге кіріседі. Көп ұзамай оған қаладан келген тергеуші Данияр қосылады. Олар бірге жұмбақ із қалдырып, тергеуді шатастырып, олармен ойнап жүрген қатыгез сериялық өлтірушінің ізіне түседі.