ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
Көз тимесін
Ерлан мен Үміт төрт баласымен тар пәтерде тұрады. Өмірі жетпейтін ақша мен күйбең тірліктен шаршау — жиі болатын ұрыс-керіске алып келеді. Үміт жұмыс істесе, көбірек ақша табарына сенімді, ал Ерлан оның бала бағып үйде отырғанын «нағыз демалыс» деп кекетеді. Осы сөз — шешуші сәтке айналады. Ерлі-зайыптылар орнымен ауысып, батыл қадам жасайды.
