ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
АНДАР ШАhАРЫ 2
Disney-дің «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінде детективтер Жуди Хоппс пен Ник Уайлд жұмбақ рептилияның шырғалаң ізіне түседі. Ол рептилия түрлі жануарға пана болған Аңдар шаһарына келіп, бүкіл қаланың астан-кестенін шығарады. Бұл істі ашу үшін ақкөңіл қоян Жуди мен айлакер түлкі Ник қаланың мүлде жаңа аудандарында бүркемеленіп жұмыс істеуге мәжбүр. Екеуі бұрын-сонды болмаған сынақтардан өтуге тиіс.
