ЖАҚЫНДА КИНОТЕАТРДА
Менің атым Қызболсын KINOSALE
Әділ - прокурордың көмекшісі, патриархалдық отбасының жалғыз ұлы. Жұмыста бастығына жағу мақсатымен ол сотта отбасын қорлаушы - әйелін ұрып-соққан жоғары лауазымды баскарушының баласын «ақтайды». Бір куні ол ерлер мен әйелдер қарама-қарсы рөлдерді атқаратын параллель әлемінде оянады. Ол әлемде Әділ еркектерге қатысты теңсіздік пен алалаушылықпен бетпе-бет кездеседі. Содан соң гендерлік теңдік туралы көзқарасын өзгертіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық кұрбанына көмектесуді ұйғарады. Оның бұл әрекеті прокуратурадан босатылуына әкеліп соқтырады, бірақ ол әділдік үшін күресін жалғастыруда...
