Сегодня на большом экране »
СКОРО В КИНОТЕАТРЕ

Аса қабiлеттiлер

Ақтөбе қаласының шетінде төрт мектеп оқушысы – Лайа, Айка, Жанель және Зара – қараусыз қалған зертханадан жұмбақ құрылғы тауып алады. Бір ғана кодты енгізген сәтте олардың өмірі түбегейлі өзгереді: әрқайсысының бойында ерекше суперқабілет оянады. Лайа уақытты тоқтата алады. Айка кез келген қимылды лезде қайталайды. Жанель есіктер арқылы әп-сәтте басқа жерге өте алады. Ал Зара айналасындағы адамдардың ойын оқиды. Алайда ерекше күшпен бірге үлкен қауіп те келеді. Оларды Тұқтаров есімді жұмбақ адам аңди бастайды. Ол отбасынан айырылғаннан кейін өткенін қайтаруға үміттеніп, бөтеннің күшін иелену үшін ештеңеден тайынбайды. Қыздар маңызды таңдау алдында қалады: жасырынып жүру ме, әлде қарсы тұру ма? Тек өздерін ғана құтқару ма, әлде бұрын көп мән бермеген інілері мен сіңлілерін де қорғау ма? Бұл күресте таразы басында тек олардың қабілеттері немесе өмірлері ғана тұрған жоқ. Таразы басында – әрқайсысының жаны. Өйткені бұл адамдар арасындағы шайқас емес. Бұл – жарық пен қараңғылықтың, сенім мен қорқыныштың, таңдау мен үмітсіздіктің арасындағы мәңгілік күрес.

фэнтези, приключения

Казахстан, 2026 г.

Язык:
казахский (субтитры: русский)
12+
Режиссер:
Арстан Туйжанов
В ролях:
Сапаров Канат, Утегенова Сымбат, Ерболқызы Нурай, Азамат Айша, Берденова Айша, Абдуллина Асель, Қоблан Бейбіт
СЕАНСЫ. БИЛЕТЫ ОНЛАЙН
Следуйте за нами в инстаграм:

«Как только вы купили билет в кинотеатр, вы попадаете в другой, волшебный мир»
— Чарльз С. Чаплин